Қазақстанда автокөлікті онлайн сақтандыру тоқтап тұр

Бұл қолайлы қызмет жүргізушілердің уақытымен қатар, полис құнының 10 пайызын үнемдеуге мүмкіндік беретін

Фото: Shutterstock

Электронды полистерді рәсімдеу жүйесіндегі қиындық мамырдың ортасында басталды. Мемлекеттік кредиттік бюроның (МКБ) хабарлауынша, бұл түйткілдің басты себебі – мемлекеттік органдармен байланыстыратын  арналардың өткізу қабілетінің төмендеуі.

Нәтижесінде мемлекеттік мәліметтер базасынан жауап алу уақыты ұзарып, өтініштерді өңдеу мүмкін болмай қалған. 28 мамыр күні Мемлекеттік кредиттік бюро Сақтандыру бірыңғай деректер базасының (СБДБ) өтініштерін мемлекеттік органдар базасынан ажыратуға мәжбүр болды. Бұл ретте СБДБ-ның өзі қалыпты жұмыс істеп тұрды.

СБДБ  мен МКБ арасындағы байланыс автосақтандыруды онлайн рәсімдейтін клиенттердің жеке деректерін сәйкестендіру үшін қажет. Бұндай тексерусіз полисті интернет арқылы сатып алу шырғалаңға айналады. 

Мемлекеттік кредиттік бюроның хабарлауынша, электронды келісім-шартты сақтандыру компанияларының сайтында МКБ деректерімен сәйкестендірмей-ақ жасауға болады. Бұл үшін Ұлттық банктің № 268 қаулысына сәйкес, клиент өтінішпен бірге, тексерілуі тиіс бүкіл құжаттарының скандалған көшірмесін тіркеуі қажет. Ал сақтандыру компаниясы соның бәрін салыстырып, сәйкестендіреді. «Егер сақтандыру компаниясы мемлекеттік деректер базасы ашылмауы себепті полис сатуды тоқтатса, бұл сақтандыру компанияларының  техникалық тұрғыдағы өз кемшілігі деп ойлаймыз», – деп атап өтті МКБ төрағасының орынбасары Әлімжан Жансейітов. 

Нарықтың реакциясы

Қазақстан сақтандырушылар қауымдастығының басшысы Виталий Веревкин деректерді қолмен тексеру жүйесі өнбейтін тірлік екенін айтады. «Құжаттардың көшірмесін жүктеп, көп ақпаратты қолмен енгізіп, одан кейін жазылған ақпараттың сәйкестігін сақтандырушы өзі тексеруі керек. Бұл клиентке де, сақтандыру компаниясына да қызық емес», – деп пайымдайды Виталий Веревкин. 

Клиенттердің  де пікірі осыған саяды. «Еуразия» сақтандыру компаниясының атқарушы директоры Шәкір Иминовтың айтуынша, жүйеде қиындықтар пайда болғаннан бері электронды полис сату көлемі күрт төмендеп кеткен. 

«Мамырдың ортасынан бері сайт арқылы автосақтандыру рәсімдеу мүмкін емес», – деді ол «Курсивке». –Полисті электронды сатып алу жөнінде бұған дейін бірді-екілі шағым түсетін. Олардың басым бөлігі сақтандырылушының деректерін қате енгізумен немесе толтырылатын форманың қиындығымен байланысты болса, мамырдың ортасынан бергі қиындықтардың себебі – СБДБ мен МДБ деректерді тексеру жүйесінің дұрыс жұмыс істемеуі». 

Иминовтың айтуынша, жүйе бұзылғанға дейін онлайн-сақтандыруға аз уақыт кететін еді. Клиент өзіне ыңғайлы уақытта компьютерге кіріп, компанияны таңдап, қажетті тармақтарды толтырып, ақшасын банк карточкасы арқылы төлеген соң, полис оның электронды почтасына келетін. Одан бөлек, ақшасын да үнемдейтін. «Полисті онлайн сатып алу 10 пайыз жеңілдік береді, оны агент арқылы алса, бұл жеңілдік берілмейді», – деп атап өтті маман. Тағы бір жақсы жағы – электронды полисті жоғалу мүмкін емес.

Жұмысты автоматтандыру мен қызмет түрлерін онлайнға өткізу барлық бизнес үшін өзекті, соның ішінде сақтандыру саласы да бар. «2008 жылдың екінші жартысынан бастап, біздің компанияның IT-мамандары қыруар жұмыс атқарып, БСДБ ақпараттық жүйесі және онлайн-төлем жүйелерімен толыққанды жұмыс істеуді қамтамасыз ететін интеграциялық сервистерді жасады. Онлайн-сақтандыру жүйесі жаңадан іске қосылған кезде, біздің клиенттер бірнеше минуттың ішінде Қазақстаннан ғана емес, шетелден де полис сатып алып жатты. Өкінішке қарай, бәрі біздің қолымызда тұрған жоқ», – деді Иминов мырза.

Кім кінәлі?

Сонымен, мемлекеттік органдар базасы БСБД-дан түскен сұранысқа  байланыс арнасындағы өткізу қабілеті төмендеп кеткен соң жауап бермей тұр. Ал өткізу қабілеті неге төмендеді? Оның себебі – бюджеттің қысқаруы. «Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің түсіндіруі бойынша, бірқатар мемлекеттік органдармен, соның ішінде Ұлттық банкпен байланыстыратын арналардың өткізу қабілетінің төмендеуі 2019 жылы байланыс қызметіне бөлінетін қаржының қысқаруына байланысты»,– дейді МКБ өкілдері. 

Бұл мәселе қашан шешіледі деген сауалға Мемлекеттік кредиттік бюро өкілдері: «қазіргі кезде Ұлттық банк пен Цифрлық даму министрлігімен бірге байланыс арналарының өткізу қабілетін қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Байланыс жақын арада қалпына келтіріледі, бұл туралы сақтандыру нарығының өкілдері бірден хабардар болады» – деп жауап берді.

«Еуразия» СК бұл мәселе жылдам шешіледі деп үміттенеді. «Ақпараттық жүйелерді дамыту және қолдау бөлімі МКБ-дағы әріптестерімізбен бірлесе отырып, бұл үрдісті жеделдету үшін қажетті шараларды қолға аламыз. Жұмыс тәулік бойы жүргізілуде, сондықтан жақын арада бәрі өз қалпына келеді деген үміттеміз», – деп атап өтті Е. Иминов.

Цифрлық даму министрлігінің «Курсивке» берген жауабында Республикалық бюджет комиссиясы мемлекеттік органдардың байланыс қызметіне қосымша қаражат бөлуді қолдамаған соң, арналардың өткізгіштігін төмендетуге тура келгені айтылады. Қосымша қаржы бөлінгенге дейін, арналардың толыққанды жұмысын қамтамасыз ету үшін мемлекеттік органдардың байланыс қызметіне деген қажеттілігі қайта қаралмақ. Цифлық даму вице-министрі Дарын Тұяқовтың қолы қойылған жауапта «Қазіргі кезде Қаржы министрлігінен қосымша қаржы бөлу мүмкіндігі туралы хат келді. Осыған байланысты министрлік байланыс каналдарының өткізу қабілетін 2019 жыл 1 шілдеден арттыру бағытында жұмыс істеп жатыр» деліген.

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

kursiv_in_telegram.JPG

banner_wsj.gif


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

kursiv_opros.gif

kursiv_opros.gif