2024 жылы Қазақстан 60 млрд текше метр газ өндіру жоспарлап отыр. «Газ және газбен жабдықтау туралы» заңына сәйкес, Энергетика министрлігі QazaqGaz ұлттық компаниясымен бірлесіп, 2030 жылға дейін газдың болжамды балансын қалыптастырған.
Жалпы өндірістің 85 пайызын еліміздегі 3 ірі мұнай-газ кен орны: Теңіз, Қашаған, Қарашығанақ қамтамасыз етпек. Теңіз кен орны биылғы жоспардың 27 пайызын өндірсе, Қарашығанақ – 38%, ал Қашаған 20%-ын қамтамасыз етеді.
2023 жылы Қазақстандағы газ өндірісі 59,063 млрд м3-ді құраған. Соның ішінде Теңіз кен орындары – 16,009 млрд м3, Қарашығанақ – 22,385 млрд м3, Қашаған 11,856 млрд м3 газ өндірген. Ал басқа кен орындарынан 8,813 млрд м...