Қазақстанның біршама өңірін еріген қар суы мен тасыған өзен суы басты. Халық апатты аймақтардан эвакуацияланып жатыр. Төтенше жағдайлар министрлігінің су басуға қатысты кейінгі ақпараттарын ұсынамыз.
Абай облысында 12 ауланы су басты
Абай облысының Жарма ауданында қардың қарқынды еріп, Үшбиік ауылының екі шеткі көшесін су басты.
Барлығы 12 аула аумағы су астында қалды. Оның ішінде екі пәтерлі үйдің 9 пәтеріне су кірді (4 пәтер тұрғын емес).
Қазіргі уақытта су деңгейінің 40 см-ге төмендеуі байқалады. Сондай-ақ 4 пәтерден еріген су шығарылды.
Көкшетау қаласында өзен тасыды
Көкшетауда өзен тасып, 8 жеке үй, 28 жеке аула аумағы және 7 көпқабатты...