Даниялық Carlsberg Group Алматыда алкогольсіз өнімдердің жаңа өндірісін бастамақ. Жоба құны – 50 млн доллар. Сыртқы істер Министрінің орынбасары Назира Нұрбаева мен «Kazakh invest» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Ержан Елекеев Carlsberg Group басшылығымен кездесуде тараптар инвестициялық ынтымақтастықты кеңейту мәселесін талқылаған. Бұл туралы Kazakh invest сайтында жазылған.
Carlsberg Grouр 2008 жылдан бері елдері ең ірі сыра зауыттарының бірі – Carlsberg Kazakhstan компаниясына иелік етеді. Ол 1998 жылы «Ақ Нар» деген атаумен құрылған. Кейіннен Ирбис зауытымен қайта құрылып, «Дербес» деп аталды. Содан соң халықаралық Carlsberg Group құрамына кірді.
Carlsberg Group орталық және Шығыс Еуропа бойынша Бірінші вице-президенті Ларс Леманн Алматы қаласында жаңа өндіріс орнын іске қосу...