Наоми Осака 2021 жылдың ең көп табыс тапқан спортшы атанды

Жарияланды
Бір маусымда ол 57,3 миллион доллар табыс тапты

Жапондық теннисші Наоми Осака 2021 жылғы ең көп жалақы алатын спортшы әйелдер рейтингінде бірінші орынды иеленді. Бұл туралы Forbes хабарлайды.

Спорт және демеушілік келісімдердің арқасында Осака маусымда өзінің банктік шотына 57,3 миллион доллар қосты, бұл спорт әлеміндегі әйел үшін рекордтық жылдық көрсеткіш.

Forbes-2021 спортшылар тізімінің алғашқы үштігінде тағы екі теннисші бар, олар апалы-сіңлілі. Екінші орында бір жылда 45,9 миллион доллар табыс тапқан Серена Уильямс, үшінші орында Винус Уильямс (11,3 миллион доллар).

Сондай-ақ үздік бестікке спорттық гимнастикадан төрт дүркін Олимпиада чемпионы америкалық Симона Байлз (10,1 миллион доллар) мен теннистің тағы бір өкілі – испаниялық Гарбин Мугуруса (8,8 миллион доллар) енді.

Сондай-ақ оқыңыз