Қазақстандық теннисші Junior Masters рейтингінде көш бастады

Жарияланды
Заңғар Нұрланұлы теннистен Еуропа чемпионатының көшбасшысы атанды

Tennis Europe Junior Masters турнирінің жаңартылған рейтингін жариялады. Бұл туралы ФТҚ баспасөз қызметі хабарлады.

14 жасқа дейінгі ойыншылар арасында 255 ұпаймен бірінші орынды қазақстандық Заңғар Нұрланұлы иеленді, ол рейтинг 2021 жылы қалпына келтірілгеннен кейін Tennis Europe сериясының алты турниріне қатысып, оның екеуінде жеңді..

Сонымен қатар, ТОП-50 рейтингіне Қазақстанның тағы екі өкілі енді – Демид Горбачев (36-орын) және Даниэль Тазабеков (45).

Junior Masters – еуропалық теннистің жас элитасы (14 және 16 жасқа дейінгі ойыншылар) сегіз үздік ұлдар мен қыздар арасында қатысатын ірі спорттық іс-шара. Осы жылдар ішінде Рафаэль Надаль, Ким Клейстерс, Александр Зверев, Белинда Бенчич сияқты әлемдік теннис жұлдыздары осындай турнирлердің жеңімпаздары атанды.

Жарыс әйгілі ATP Masters 1000, Rolex Monte-Carlo Masters ойынының үйі болып табылатын Монте-Карлодағы клубтың аңызға айналған сазды корттарында өтеді.

Келесі Junior Masters  2022 жылдың күзінде өтеді.

Сондай-ақ оқыңыз