АҚШ Бейжің Олимпиадасына дипломатиялық бойкот жариялады

Жарияланды
Спортшылар ойындарға қатысады

Америка Құрама Штаттары 2022 жылы Бейжіңдегі қысқы Олимпиада ойындарына дипломатиялық бойкот жариялады. Оған ҚХР-дағы адам құқықтарының жағдайы себеп болып отыр, деп хабарлайды NBC Ақ үйдің мәлімдемесіне сілтеме жасап.

Баспасөз хатшысы Джен Псаки брифинг ұйымдастырып, Джо Байден «Қытайдың Шыңжаңда жалғасып жатқан геноцид пен адамзатқа қарсы қылмыстарды, сондай-ақ басқа да адам құқықтарының бұзылуын ескере отырып» Бейжіңдегі ойындарға дипломатиялық немесе ресми өкілдерді жібермейтінін айтты.

Дипломатиялық бойкот АҚШ үкіметінің шенеуніктерінің ойындарға қатыспауын білдіреді, бірақ американдық спортшылар жарысқа қатыса алады. Псаки американдық спортшыларға бұл бағытта толық қолдау көрсетілетінін атап өтті. Ақ үй өкілі бұл жерде АҚШ пен басқа да бірқатар елдер Мәскеу Олимпиадасына спортшыларын жібермей бойкот жариялаған 1980 жылғы оқиғаны қайталау туралы емес деп қосты.

Сондай-ақ оқыңыз