Лионель Месси жылдың үздік футболшысы атанды

Жарияланды
Жанкүйерлер сауалнамасында аргентиналық жеңіске жетті

ПСЖ және Аргентина құрамасының шабуылшысы Лионель Месси Goal.com нұсқасы бойынша 2021 жылдың үздік футболшысы атанды.

Жеңімпазды Goal.com порталының оқырмандары таңдады. Онлайн-дауыс беру нәтижесінде Месси «Манчестер Юнайтед» пен Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналдуды, сондай-ақ «Бавария» мен Польша құрамасының шабуылшысы Роберт Левандовскийді басып озды – олар сәйкесінше екінші және үшінші орындарға ие болды.

Goal.com нұсқасы бойынша жылдың үздік он футболшысы:

Лионель Месси (ПСЖ, Аргентина)

Криштиану Роналду (Манчестер Юнайтед Португалия)

Роберт Левандовски (Бавария, Польша)

Мохамед Салах («Ливерпуль», Мысыр)

Килиан Мбаппе (ПСЖ, Франция)

Эрлинг Холланд (Боруссия Дортмунд, Норвегия)

Карим Бензема («Реал», Франция)

Н’Голо Канте («Челси», Франция)

Кевин Де Брюйне («Манчестер Сити», Бельгия)

Неймар (ПСЖ, Бразилия).

2021 жылы Месси Аргентина құрамасымен алғаш рет Америка кубогын жеңіп алды, ал бір күн бұрын ұлттық құрама сапында 2022 жылы Катарда өтетін әлем чемпионатының финалдық кезеңіне жолдама ұтып алды. Тамыз айында Лео 18 жыл өткізген Барселонадан Пари Сен-Жерменге кетті. Осы маусымда 34 жастағы шабуылшы Франция 1 лигасының бес матчына қатысып, нәтижелі әрекеттерімен әлі көзге түскен жоқ.

Сондай-ақ оқыңыз