Токио Олимпиадасына жергілікті көрермендерді де кіргізбейді

Жарияланды
Елде төтенше жағдай жарияланды

Токио Олимпиадасы ойындары пандемияға байланысты көреременсіз өтеді. Жапонияның Олимпиада және Параолимпиада өткізуге жауапты министрі Тамае Марукава осылай деп мәлімдеді.

Токио қаласында 8 шілдеден тамыздың аяғына дейін төтенше жағдай режимі енгізілді. Бұған дейін Олимпиада ойындарына шетелдік жанкүйерлерд кіргізбеу туралы шешім қабылданға еді. 

Токиодағы барлық жарыс, салтанатты шаралар, Олимпиаданың ашылуы мен жабылу  салтанаты көрерменсіз өтеді.

 «Токио, Канагава, Сайтама және Тибада өтетін жарыстарға көрермен жібермеу туралы шешім қабылданды» деді Марукава. 

Айта кетейік, Токио Олимпиадасы 2020 жылы 24 шілде мен 9 тамыз аралығында өтуі тиіс еді. Алайда коронавирус пандемиясына байланысты бір жыл кейінге шегеріліп, биыл 23 шілде мен 8 тамыз аралығында өтеді. Оған Қазақстаннан 95 спортшы қатысады. 
 

Сондай-ақ оқыңыз