Италия – екі мәрте Еуропа чемпионы

Жарияланды
Футболдан Еуропа чемпионаты мәресіне жетті

Футболдан Еуропа чемпионаты мәресіне жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Екі құрама бұған дейін 27 мәрте кездесті. Оның 10-да Италия жеңіске жетіп, 8-де Англия басым түссе, қалғанында тең нәтиже тіркелді. Соңғы үш ойында Англия аталған қарсыласының осал тұсын таба алмай келеді. Үш кездесудің екеуінде тең түссе, біреуінде қарсыласына есе жіберді.

Айта кетерлігі, өз тарихында Италия 1968 жылы чемпион атанса, Англия алғаш рет финалға шығып отыр. Сондықтан ағылшындық футболшылар алғашқы минуттан алға қарай ұмтылды. Нәтижесінде ойынның 3-минутында есеп ашылды. Оны отандасы Киран Триппьердің пасынан кейін ағылшындық қорғаушы Люк Шоу өзінің еншісіне жазды. Ойынның 67-минутында италиялық Леонардо Бонуччи таразы басын теңестірді.

Негізгі кезең 1:1 есебімен тең аяқталып, ойын овертаймға ұласты. Овертаймда жеңімпаз анықталған жоқ. Пенальти тебуде Италияның жолы болды. Осылайша араға 53 жыл салып, чемпион атанды.

 

Сондай-ақ оқыңыз