1 view

Ertis футбол клубын қарызға батырған басшы сотталды

Клубтың бұрынғы директоры бір жылға бас бостандығынан айырылды

Фото: sports.kz

Павлодардағы «Ertis футбол клубы» қоғамдық қорының директоры Серік Омархановқа қатысты сот үкімі шықты. Ол бюджетке салық және басқа да міндетті төлемдерді уақтылы аудармағаны үшін бір жылын темір тордың арғы жағында өткізетін болды

Еске сала кетейік,  былтыр еліміздің футболдан бес дүркін чемпионы атанған командада аудит жүргізіліп, соның нәтижесінде біраз былықтың беті ашылған еді. Клуб басшылығының қазынаға 193 млн теңге салықты аударудан жалтарғаны белгілі болды. 

Сот ісіне қатысты материалдарға сүйенсек, Серік Омарханов аталмыш клубты 2019 жылдың мамыр айынан 2020 жылың ақпанына дейін басқарған. Команданың бас есепшісі 2019 жылдың маусымында команданың салық аударымдарын жасайтын қаражаты жоқ екенін ескерткен. Себебі команда құрамы негізгі ойыншыларының айлығы бір жылдық сметадан асып кеткен. Клубтың бұрынғы басшысы мәселеден шығудың жалғыз жолы – табыс пен шығыс есептерін бұрмалап көрсету деп пайымдап, бас есепшіге декларацияда қате мәліметтерді көрсетуді тапсырған. Соның салдарынан қазынаға 193 млн теңге түспей қалды. Ал бұл өз кезегінде Ertis футбол клубының былтырғы чемпионаттағы ойынын тоқтатуға, биыл қалыс қалуына әсер етті. 

Серік Қорғанбайұлы кінәсін толығымен мойындады. Сот осыны және оның бұған дейін қылмыстық жауапкершілікке тартылмағанын ескеріп, жазасын едәуір жеңілдетті. Яғни, бір жылға ғана бас бостандығынан айырды. Сонымен қатар,  түрмеден шыққан соң үш жыл бойы коммерциялық ұйымда басшылық қызмет атқаруына тыйым салды. 

Бірақ Павлодар қалалық №2 соттың үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ. 

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Telegram және Facebook


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер