29 қарашада Майк Тайсон мен Рой Джонстың жекпе-жегі өтеді

Жарияланды
Қазақстандықтар жекпе-жекті тікелей эфирден көре алады

Калифорниядағы Карсон қаласында Dignity Health Sports Park аренасында 54 жастағы Майк Тайсон мен 51 жастағы Рой Джонс арасындағы жекпе-жек өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Боксшылардың жұдырықтасу кешін «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналары тікелей эфирде көрсетеді. Кездесу елорда уақытымен 07:50-де басталады. 

Жекпе-жек форматы – 2 минуттан 8 раундты құрайды. 
Жеңімпаз үшін Бүкіләлемдік бокс кеңесінің (WBC) арнайы белбеуі табысталады.

Айта кетсек бұған дейін Майк Тайсон шаршы алаңға оралатыны туралы сұхбат берген еді.

 «Мен салмақтан арыла бастадым. Сосын күйеубалам маған 30-40 миллион доллар үшін жұдырықтасуға ұсыныс болып жатқанын жеткізді. Ол маған бұл адамның Боб Сап екенін айтты. Ақыры, біз онымен жұдырықтасатынымыз туралы келістік. Дайындық пен өзіңді қалпына келтіру – екі түрлі нәрсе.», – деп атап өтті Майк Тайсон.

 

Сондай-ақ оқыңыз