Головкиннің жекпе-жегі 2019 жылдың ең үздік кездесуі атанды

Жарияланды
Сарапшылар GGG-дің Сергей Деревянченкомен жұдырықтасуын атап өтті

Беделді VRinge басылымының тұжырымдамасы бойынша, орта салмақтағы  IBF және IBO нұсқалары бойынша, әлем чемпионы атағын сарапқа салған жекпе-жек өткен жылдың ең үздік кездесуі, деп танылды.  

«Бірінші раундта украиндық құлағанда, барлығының көңіл-күйі түсіп кеткен-ді: барлығы белгілі болды дегендей. Алайда жарты сағатқа жуық уақыттан кейін, төрешілер шешімі жарияланғанда, көпшілік абдырап қалды. Өйткені жұдырықтасу өте тартысты өтті. Бұл жекпе-жекті аяусыз деп сипаттауға болады. Ол, шын мәнінде, жанр классикасы болды», — деп жазды басылым.

Естеріңізге салсақ, орта салмақтағы IBF және IBO нұсқалары бойынша чемпиондық белбеулер үшін қазақстандық Геннадий Головкин мен Украина өкілі Сергей Деревянченко арасындағы жекпе-жек 5-қазанда Нью-Йоркте өтіп, төрешілердің бірауызды шешімімен GGG-дің жеңісімен аяқталған-ды.

Украин боксшысын жеңген кездесуінде Головкин 15 млн доллар табыс тапты.

Сондай-ақ оқыңыз