Головкиннің келесі қарсыласы және жекпе-жектің датасы жарияланды

Жарияланды (жаңартылды )
Жұдырықтасу Чикагода өтеді

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин келесін жекпе-жегін 28-наурызда поляк Камил Шереметке қарсы өткізеді, деп хабарлады BoxingScene.

Кездесуді Чикагода (АҚШ-тың Иллинойс штаты) өткізу жоспарланып отыр. 30-жасар Шеремет орта салмақта IBF және IBO нұсқалары бойынша әлем чемпионы болып табылады. 

Басқа дереккөздер жекпе-жектің сәуір не мамыр айында өтуі мүмкін екенін хабарлайды, бірақ, қалай болса да Головкин жұдырықтасуға дайындықты бастады.

Естеріңізге салсақ, бұдан бұрын, Головкин өз мәнсабында алғаш рет мерзімінен бұрын жеңіліске ұшырауы мүмкін деген болжамдар айтылған болатын. 

Сондай-ақ оқыңыз