1 view

Головкин Қазақстанда жекпе-жек өткізудің мүмкіндігін қарастыруда

GGG-дың поляк Камил Шереметамен титулдық кездесуінің орны өзгеруі мүмкін

Фото: Harry How / Staff / Getty Images Sport / Gettyimages.ru

Қазақстандық Геннадий Головкиннің орта салмақтағы IBF титулын алғашқы қорғауы оның өз отанында өтуі мүмкін, деп хабарлады 23-қаңтарда әлеуметтік желілерде инсайдер Майкл Бенсон.

«Геннадий Головкин - Камил Шеремета жекпе-жегі 11-сәуірде Қазақстанда өтуі мүмкін, деп хабарлады Эдди Хирн», - деп жазды Бенсон өзінің Twitter-дегі парақшасында.

Хирн GGG-дың промоутері және DAZN стримингтік платформасының әріптесі болып табылады, Головкин онымен контрактіге қол қойған.

Головкин-Шеремета жекпе-жегі IBF тарапынан қойылып отырған орындалуға міндетті шарт болып табылады: өткен жылғы қазанда қазақстандық украиндық Сергей Деревянченкомен жұдырықтасқанда, Халықаралық бокс федерациясы осы жекпе-жектің жеңімпазы жарты жыл ішінде титулды қорғау жөніндегі міндеттеме алатынын ескерткен болатын.

Головкин Деревянченкомен кездесуін төрешілердің бірауызды шешімімен ұтып, өзі бір жыл бұрын босатқан белбеуді қайтарып алды. 

Головкин қазанда Деревянченко жеңгеннен кейін, ұзамай, поляк Шеремета титулға міндетті үміткер атанды. Алғашында олардың жұдырықтасуын осы жылғы ақпанның соңында өткізу жоспарланған болатын. Алайда DAZN трансляция жасайтын басқа кездесулер болғандықтан, жекпе-жек 28-наурызға ауыстырылған болатын.

Бірақ қазір осы жекпе-жекті өткізудің уақыты мен орны күмәнді болып тұр: басында жұдырықтасу үлкен поляк диаспорасы тұратын Чикагода өтеді деп болжаланған болатын. Енді Головкиннің менеджменті қазақстандық аудитория туралы әңгіме қозғап отыр. 


 

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

kursiv_in_telegram.JPG


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер