Дияс маусымдағы өзінің алғашқы турнирін ұтты

Жарияланды
Қазақстандық атлет Гонкогтегі фьючерсте жеңіске жетті

Қазақстандық теннисші Зарина Дияс маусымды Гонконгтегі ITF сериясының ұтыс қоры $25 мың турниріндегі жеңістен бастады.

Жекелеген разрядтың финалында осы турнирде екінші нөмірмен өнер көрсеткен Дияс 5-қаңтарда, Нұр-Сұлтан уақыты бойынша таңертең, 1 сағат 47 минутта турнирдің бірінші ракеткасы қытайлық Лин Чжуді  екі сетте ұтты – 6:4, 7:5.

Олардың жеке кездесулеріндегі есеп 3:1 жетіп, қазақстандық теннисші алда келеді, Гонконгтегі турнир Дияс қатысқан жаңа маусымдағы алғашқы жарыс, сондай-ақ Халықаралық тенис федерациясы патронажымен өтетін ITF сериясы турнирлеріндегі тоғызыншы жеңіс болды. 

Өз мәнсабында Дияс барлығы, осы турниді қоса алғанда, ITF сериясының 9 және Жапониядағы WTA International сериясының бір турнирінде жеңіске жетті. 2017 жылы ол  өзі үшін бір маусымда рекорд болған 3 титулды ұтып алды: Токиодағы WTA International турниріндегі жеңістен бөлек, ол сол кезде ITF сериясындағы екі титулды ұтып алды – Ұлыбританиядағы және Қытайдағы.

Қазіргі таңда Қазақстанның әйелдер арасындағы бұрынғы бірінші ракеткасы әйелдер арасындағы әлемдік тейтингте 77-орында тұр, алайда Гонконгтегі жеңіс оған дүйсенбі, 6-қаңтарда WTA рейтингісінде бірнеше орынға жоғары көтерілуге мүмкіндік береді. Әйелдер теннисі ассоциациясының рейтингісіндегі Диястың осы күнге дейінгі ең үздік нәтижесі  2015 жылғы қаңтардағы 31-орын болатын.

 

Сондай-ақ оқыңыз