1 view

Boxingscene Альваресті өткен жылдың үздік боксшысы деп таныды

Мексикалық тағы да Головкиннің алдын орап кетті

Фото: MACH Photos / Shutterstock.com

Boxingscene мамандандырылған сайты 4-қаңтарда мексикалық Сауль «Канело» Альваресті салмақ санатына қарамастан, 2019 жылдың үздік боксшысы деп атады.

«Алдына бірегей мақсаттар қойған, аса қауіпті қарсыластар саналатын Дэниэл Джейкобс пен Сергей Ковалевті асқан басымдықпен жеңу «Канелоға» жоғары марапатқа қол жеткізіп, 2019 жылы BoxingSceneнің жыл боксшысы атануына мүмкіндік берді», – деп жазды басылым.

Бұл рейтингте Альвареске жеңіліп көрмеген американдық кіші-Эррол Спенс (жартылай орта салмақта IBF және WBC нұсқалары бойынша әлем чемпионы), филиппиндық Мэнни Пакьяо (әр жылдарда аса жеңіл салмақтан бірінші ортақ салмаққа дейінгі санаттардағы әлемнің сегіз дүркін чемпионы), жапондық Наои Иноуэ (аса жеңілден жеңіл салмаққа дейінгі үш салмақ санатындағы әлем чемпионы) және бірінші жартылай орта салмақтағы қазіргі әлем чемпионы британдық Джош Тейлор қарсылас болды.

«Канело» өткен жылы екі жекпе-жек өткізді: 5-мамырда ол төрешілердің бірауызды шешімімен Джейкобсты жеңіп, WBA (Super), WBC және IBF нұсқалары бойынша орта салмақтағы титулдарды біріктірсе, 2-қарашада жартылай ауыр салмаққа көтеріліп, 11-раундта ресейлік Сергей Ковалевті нокаутқа түсіріп, төртінші дивизионда әлем чемпионы атанған-ды. 

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

kursiv_in_telegram.JPG


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер