Тоқаев Қазақстан футболын қаржыландыру жөнінде тапсырма берді

Бұл халықаралық ұйымдар тарапынан салынуы мүмкін санкциялардың алдын алады

Қазақстанның футбол федерациясына (ҚФФ) «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры қолдау көрсететін болды.


«2019 жылғы 21-қарашадағы өзінің № 19-3832 тапсырмасында ҚР президенті «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының «Қазақстанның футбол федерациясы» Ассоциациясы» заңды тұлғалар бірлестігін қаржыландыруына рұқсатын берді», – деп хабарланған мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлованың ҚР премьер-министрі Асқар Маминнің атына жолдаған түсініктеме жазбасында.


Министрдің пікірі бойынша, жобаны қабылдау ерлердің, әйелдердің және жасөспірімдердің ұлттық құрамаларының футболдан, жағажай футболынан және футзалдан халықаралық жарыстарға қатыспай қалуының алдын алуға мүмкіндік береді. Жоба мақсаты – ФИФА және УЕФА тарапынан санкцияларға жол бермеу үшін ерлердің, әйелдердің және жасөспірімдердің ұлттық құрамаларының футболдан, жағажай футболынан және футзалдан өтетін халықаралық жарыстарға қатысуын қамтамасыз ету.

Естеріңізге салсақ, жақында өткен ҚФФ атқару комитетінің отырысында ҚФФ ЕАЭО қатысушы-елдердің азаматтарын легионер деп танымау туралы шешім қабылдаған болатын. 


Одан бұрын, 2020 жылдан клубтардың Қазақстанның премьер-лигасы чемпионатына қатысу жарнасы 50 млн теңгеге дейін көтерілетіні хабарланған еді.
 

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

kursiv_in_telegram.JPG

banner_wsj.gif


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

kursiv_opros.gif

kursiv_opros.gif