Лионель Месси 2019 жылғы «Алтын доптың» иегері атанды

Бұл аргентиналық футболшының мәнсабындағы осындай алтыншы трофей

Фото: Shutterstock

 «Барселона» және Аргентина құрамасының шабуылшысы Лионель Месси 2019 жылдың қорытындысы бойынша футбол әлеміндегі ең беделді жеке жүлдені ұтып алды.

Бұдан бұрын Месси «Алтын допты» 2009, 2010, 2011, 2012 және 2015 жылдарда ұтып алған болатын. «Алтын доптардың саны бойынша ол таза бірінші оынға шығып, осы жүлдені бес рет ұтып алған туриндік «Ювентус» пен Португалия құрамасының форварды Криштиану Роналдуды басып озды. 

Бұдан бір жыл бұрын «Алтын допты» Мадрид «Реалы» мен Хорватия құрамасының жартылай қорғаушысы Лука Модрич ұтып алған-ды, Месси трофейді хорваттың қолынан қабылдап алды.

2019 жылы Месси «Барселонамен» бірге Испания чемпионатын ұтты, сонымен қатар, Аргентина құрамасының сапында Америка кубогында қола жүлдеге қол жеткізген-ді. Бұдан бұрын Месси ФИФА нұсқасы бойынша жылдың үздік футболшысы атанған-ды. 


 

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

kursiv_in_telegram.JPG

banner_wsj.gif


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

kursiv_opros.gif

kursiv_opros.gif