1 view

Қазақстандық жеті штангист допинг қолданғаны үшін дисквалификацияға ұшырады

Аталмыш факт бойынша тиісті тексеру жүргізілді

Фото: Shutterstock

Қазақстанның ауыр атлетика федерациясы (ҚААФ) Қазақстанның допингі қарсы ұлттық орталығымен (ҚДҚҰО) бірлесіп, тыйым салынған препараттарды қолдану бойынша спортшылар мен бапкерлерге қатысты тексеру жүргізді.

Допингке қарсы ережені бұзған спортшылар тізіміне жеті зілтемірші кіріпті, олар: Аружан Көлбай (Алматы), Гүлдана Жүніс (Алматы), Асылжан Бектай (Қызылорда облысы), Әлішер Сейітқазы (Алматы), Ерасыл Кеңесбаев (Алматы), Максим Ню (Шымкент) және Тимур Хасаров (Алмататы облысы). Олардың барлығы екі жылдық дисквалификацияға ұшырады.

Бұдан бөлек, ауыр атлетикадан екі бапкер төрт жылға  дисквалификацияланды – Айбол Көлбаев республикалық спорт колледжінен және Талғат Абен мамандандырылған жоғары спорт шеберлігі мектебінен.

Естеріңізге салсақ, 18-желтоқсанда Қазастан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Дене шынықтыру және спорт мәселелері жөніндегі Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы», заңға қол қойды, ол кідірілмей күшіне енді.
 

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

kursiv_in_telegram.JPG


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер