Қазахстандық НХЛ клубы бапкерлерінің штабына кірді

Евгений Набоков «Сан-Хосе Шаркс» командасының қақпашыларын жаттықтыратын болды

Фото: nhl.com

Хоккейден Қазақстан құрамасының бұрынғы қақпашысы Евгений Набоков Ұлттық хоккей лигасы «Сан-Хосе Шаркс» клубы бапкерлерінің жаңа штабына кірді. Бұл турасында калифорниялық командасының ресми сайты хабарлады. 

«Акулалардың» бас жаттықтырушысы Боб Бугнердің басшылығымен Өскемен хоккейінің түлегі қақпашылардың дайындығына жауапты болады.

Набоков «Сан-Хосе Шаркс» қақпашылары арасында өткізілген матчтардың саны (563), жеңістер саны (293) және қақпаға шайба жібермеген - «құрғақ» ойындардың саны бойынша (50) рекордсмен. НХЛ қақпашыларының рейтингісінде ол жеңістер саны (353) бойынша 20- және шатауттар (59) бойынша 18-орында тұр.

Евгений Набоков кәсіби мәнсабын 1992 жылы Өскемендік «Торпедоның »құрамында бастаған болатын,  1994-1997 жылдар аралығында мәскеулік «Динамоның» сапында өнер көрсетті. 1999 жылы Набоков «Сан-Хосе Шаркс» клубының хоккейшісі атанып, команда құрамында он жыл өнер көрсетті. Мәнсабының соңында ол Санкт-Петербуртің СКА, «Нью-Йорк Айлендерс» және «Тампу-Бэй Лайтнинг» командаларында ойнады.

Евгений Набоков – Ресей құрамасының сапында 2008 жылғы әлем чемпионы, 2006, және 2010 жылдардағы Олимпиада ойындарының қатысушысы.
 

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

banner_wsj.gif

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

kursiv_uz_banner_240x400.jpg