1 view

«Барыс» ойыншысы ҚХЛ-дағы аптаның үздік форварды атанды

Көзге түскен Корбэн Найт

Фото: ХК Барыс

Құрлықтық хоккей лигасы тұрақты чемпионатының үздік хоккейшілерді анықтау жөніндегі комиссиясы 14-ші жарыс аптасының лауреаттарын атады.

«Барыс» форварды Корбэн Найт ҚХЛ-дағы өткен жеті ойынның нәтижелері бойынша үздік шабуылшы деп танылды, ол үш матчта 6 (3+3) ұпай жинап, оның тиімділік көрсеткіші (+3) құраған. 

Естеріңізге салсақ, 29-жасар Найт елордалық командаға 2019 жылғы жазда қосылған-ды. Осы маусымда ол

ҚХЛ-дағы 38 матчта өнер көрсетіп, 25 (12+13) ұпай жинады.

«Барыс» қонақта өткізген үш ойынның екеуінде жеңіске жеткен, ал Найт соққан шайба «Торпедоға» қарсы ойында команданы жеңіске жеткізген-ді.

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

kursiv_in_telegram.JPG


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер