Қазақстандық боксшы 15 үздіктің тізіміне кірді

Әлімханұлының нокаутпен жеңіске жетуі оған WBC рейтингісіндегі орнын жақсартуға мүмкіндік берді

Фото: instagram.com/janibek_alimkhanuly_team/

Боксшылардың бүкіләлемдік кеңесі (WBC) ұйымның барлық салмақ дәрежелері бойынша қараша айындағы рейтингісін жариялады.

Орта салмақта өнер көрсететін Қазақстан өкілі Жәнібек Әлімханұлы (8-0, 4 КО) дәрежелер тізімдігінің жаңа нұсқасында 16 орыннан 15 орынға көтерілді.

Атап айтарлығы, WBC-тің орта салмақтағылары арасындағы рейтингте екінші орын 2020 жылғы ақпанда Геннадий Головкинмен жұдырықтасатын поляк боксшысы Камил Шереметаның еншісінде. Бұл тізімдегі үшінші орында украиналық боксшы Сергей Деревянченко тұр – ол GGG-мен 6-қазанда кездесіп, жеңілісті ащы дәмін татқан еді.

Ал Головкиннің өзіне келетін болсақ, ол барлық бокс ассоциацияларының біріккен рейтингісінің көшін бастап тұр

Естеіңізге салсақ, 9-қарашада Әлімханұлы Калифорнияда шығу тегі нигериялық канадалық боксшы Альберта Онолуносемен (24-3-1, 8 КО) өткен жеке-жекте қарсыласын алтыншы раундта нокаутқа түсіріп, жеңіске жеткен-ді. Сөйтіп, ол орта салмақтағы өзіне тиесілі WBO Global и WBC Continental Americas титулдарын табысты қорғаған болатын....
 

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

kursiv_in_telegram.JPG

banner_wsj.gif


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

kursiv_opros.gif

kursiv_opros.gif