Қазақстан премьер-лигасының келесі жылғы толық құрамы анықталды

ҚПЛ-202-дағы соңғы бос орынды «Тараз» иеленіп үлгерді

Жоғары дивизионда 10 орынды және бірінші лигада 3-орынды иеленген командалар арасындағы ақтық сын мәресіне жетті.

«Тараз» өз алаңында 3:1 Оралдың «Ақжайығынан» басым түсіп, келесі жылға элиталық топтағы өз орнын сақтап қалды.

Алаң иелері тез есеп ашуға қол жеткізіп, ойынның 27-минутына қарай, үш доп соғып, сенімді түрде алға шықты.

«Ақжайықтың» бар қолынан келгені, қарсыластар қақпасына қарымта ретінде бір гол соқты. Командалар арасындағы алғашқы ойын 15-қарашада өтіп, 0:0 есебімен тең аяқталған болатын.

Естеріңізге салсақ, 2019 жылы, осымен қатарынан алтыншы рет алтын медальдарға қол жеткізген «Астана» командасы Қазақстан  чемпионы атанған-ды. Күміс жүлде алматылық «Қайратқа» бұйырса, үшінші орынды Шымкенттің «Ордабасы» иеленді.

Ал «Ақтөбе» мен «Атырау» ҚПЛ-мен қош айтысып, олардың орнын бірінші лига жеңімпаздары ақтаулық «Каспий» мен петропавлдық «Кызыл-Жар СК» басты.

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

kursiv_in_telegram.JPG

banner_wsj.gif


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

kursiv_opros.gif

kursiv_opros.gif