Канело 2020 жылға арналған жоспарларын жариялады

Онда Геннадий Головкинге де орын табылыпты

Фото: Reuters

Мексикалық кәсіби боксшы Сауль «Канело» Альварес келесі жылы екі жекпе-жек өткізуге ниетті екен. Бұл турасында Asapland порталы хабарлады. 

2020 жылы Канело британиялық Билли Джо Сондерспен және Геннадий Головкинмен  жекпе-жектер өткізіп, титулдарды біріктірмек.

GGG поляк боксшысы Камил Шереметамен кездесуде IBF және IBO бойынша чемпиондық белбеулерін табысты қорғаған жағдайда, Альварес қазақстандықпен үшінші жекпе-жекті 2020 жылғы 15-қыркүйекте өткізуге ниетті екен. 

Естеріңізге салсақ, Головкиннің Шереметамен жекпе-жегі 2020 жылғы ақпанға белгіленген. Альварес пен GGG екі рет жұдырықтасты: олардың бірінші жекпе-жегінде тең түсу тіркелсе, екіншісінде төрешілердің бөлінген шешімімен мексикалық жеңіске жеткен-ді.

Соңғы рет қазақстандық атлет рингке 5-қазанда көтеріліп, украиндық Сергей Деревянченконы жеңген болатын. Ал Канело соңғы рет 2-қарашада жұдырықтасып, ресейлік Сергей Ковалевтен техникалық нокаутпен басым түсті.

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

kursiv_in_telegram.JPG

banner_wsj.gif


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

kursiv_opros.gif

kursiv_opros.gif