Головкиннің Альвареспен жекпе-жегі 2020 жылғы мамырға белгіленді

Жекпе-жекті өткізу орны әзірше белгісіз

Фото: Tom Hogan-Hoganphotos/Golden Boy Promotions

Орта салмақтағы екі мықты боксшы Геннадий Головкин мен Сауль Альварестің текетіресі жалғасын табатын болды. Бұл туралы Boxingnews24 хабарлады.

Канело Сергей Ковалевті жеңген соң, иеленген бірінші ауыр салмақтағы WBO чемпионы титулынан өз еркімен бас тартқаннан кейін, Саульдің Геннадий Головкинмен үшінші жекпе-жек өткізуді жоспарлап отырғаны белгілі болды. GGG-мен кездесу үшін Альварес, тіпті, арнайы орта салмақ дәрежесіне қайта оралды. 

Белгілі промоутер Эдди Хирн қазақстандық пен мексикандықтың кезекті жұдырытасуы 2020 жылғы мамырда өтеді, деп мәлімдеді. Қаржы мәселесінің детальдары мен жекпе-жекті өткізу күні мен орны кейінірек белгілі болады.

Естеріңізге салсақ, боксшылар бұдан бұрын екі дүркін кездескен болатын: алғашқы кездесуде олардың тең түсуі тіркелсе, екіншісінде Канело басымдық танытты.

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

kursiv_in_telegram.JPG

banner_wsj.gif


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

kursiv_opros.gif

kursiv_opros.gif