Альварес пен DAZN Головкинмен кездесудің датасы туралы келісе алмауда

Жарияланды
Мексикалық GGG-мен 2020 жылдың қыркүйегінде жұдырықтасқанды қалайды

Мексикалық боксшы Сауль «Канело» Альварес пен DAZN стримингтік платформасы қазақстандық Геннадий Головкинмен үшінші жекпе-жек өткізудің датасы бойынша келісімге келе алмай отыр.

Дүйсенбіде Алварес командасындағы дереккөзіне сілтеме жасаған ESPN Deportes ресурсы, Альварестің келес жылдың мамырында екінші орта салмақтағы WBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы Билли Джо Сондерспен біріктірілген жекпе-жек өткізу жөнінде келіссөздер жүргізуді бастағанын хабарлады..  

Альварес осы салмақ дәрежесінде WBA-ның «тұрақты» белбеуіне ие, Сондерс өткен демалыс күндері өз титулын қорғаған кездесуде аргентиналық Марсело Косересті 11 раудта нокаутқа жіберіп, жеңіске жеткеннен кейін, Альваресті жекпе-жекке шақырған болатын.

«Канело» әр кездерде бірінші орта, орта, супер-орта салмақтарда әлем чемпионы болған-ды, жақында ол жартылай ауыр салмақта ресейлік Сергей Ковалевті жеңіп, төртінші салмақ дәрежесін бағындырған болатын

Ресейлікпен жекпе-жек өткізу үшін жартылай ауыр салмаққа ауысқанша, «Канело» ұзақ уақыт орта дивизион шеңберінде өнер көрсетті. Мексикалықтың өзі жартылай ауыр салмақта (79,3 кг дейін) кездесу өткізгеннен кейін, оған қайтадан орта дивизионға (72,5 кг дейін) оралудың еш қиындық тудырмайтынын айтқан болатын.

Дегенмен салмақты екінші орта салмақта (76,2 кг дейін) кездесу өткізу арқылы біртіндеп түсіру мексикалық үшін неғұрлым қисынды көрініп отыр. Арнаның деректері бойынша, Альварес мамырда Сондерспен жекпе-жек өткізіп, 2020 жылғы қыркүйекте Мексиканың Тәуелсіздігі күні Головкинмен үшінші кездесу өткізіп, олардың арасындағы бәсекеге нүкте қоюға ниетті.

Алайда Головкинде, Альваресте келісім-шартпен жіпсіз байланған DAZN стримингтік платформасы оларды үшінші жекпе-жекті келесі жылдың мамырында өткізуге көндірмек. DAZN қазақстандықпен контрактіге қол қойылғаннан бері өткізілген екі жекпе-жектің – канадалық Стив Роллспен және украиндық Сергей Деревянченкомен кездесулердің – қалаған табыс әкелмегеніне ренжулі.

Атап айтарлығы, көрермендер тарапынан трилогияға деген қызығушылық бәсеңдеп барады, сондықтан DAZN көрермендердің Головкин мен Альварес арасындағы текетіреске қызығушылығы мүлдем суымай тұрғанда, олардың жекпе-жегін ұйымдастыруға тырысып бағуда.

Естеріңізге салсақ, 2017 жылғы қыркүйекте өткен олардың алғашқы жекпе-жегінде тең түсу тіркелсе, 2018 жылғы қыркүйектегі екінші кездесуде төрешілердің бөлінген шешімімен «Канело» жеңіске жеткен-ді….
 

Сондай-ақ оқыңыз