Қытайда қазақстандық екі боксшы Бүкіләлемдік әскери ойындардың жеңімпазы атанды

Жарияланды
Қазақстандық былғары қолғап шеберлері ел қоржынына түрлі барлығы алты медаль салды

Қытайдың Ухан қаласында өтіп жатқан әскерилердің Бүкіләлемдік ойындарында боксшылар арасындағы жарыс мәресіне жетті. 

Қос атлетіміз жеңіс тұғырына көтеріліп жарыс жеңімпаздары атанды, олар 49 кг салмағына өнер көрсеткен Теміртас Жүсіпов және 69 кг. салмағында ешімеге дес бермеген Асланбек Шымбергенов.

Жарыстың күміс жүлдесіне Ділмұрат Мижитов (-64 кг) Абзал Құттыбеков (-91 кг) қол жеткізді.

Бұдан бұрын тағы қос спортшымыз Тимур Нұрсейітов (-75 кг) пен Аят Маржықпаев (-81 кг) қола жүлдені қанағат тұтқан-ды….

Сондай-ақ оқыңыз