«Барыс» өз алаңында «Металлургтен» жеңіліс тапты

Жарияланды
КХЛ-дың тұрақты чемпионатының кезекті матчында қазақстандық хоккейшілер қатарынан үшінші рет жеңіліске ұрынды

Қарсыластар осы маусымда бір бірімен кездескен болатын – 25-қыркүйекте «Барыс» Магнитогорскіде 3:1 есебімен «Металлургтен» басым түскен еді. 

Нұр-Сұлтанда «құрыш құюшылар» өз алаңындағы жеңіліс үшін қарымта қайтаруға барын салды. Матч басталысымен асқан табандылықпен алға ұмтылған қонақтар бірінші кезеңнің алтыншы минутында есеп ашып үлгерді. Бірінші кезеңде бұл есеп өзгермеді. 

Ойынның екінші кезеңінде алаң иелері қонақтарға қарағанда, жіті қимылдап, басымдық танытты. Соның нәтижесінде, Даррен Диц ойыншылар санының басымдылығы арқасында есепті теңестіруге қол жеткізді. Алайда екінші үзіліске дейін қонақтар тағы да алға шығып, «Барыс» хоккейшілері қанша тырысса да ойынның аяғына дейін жеңісті уысынан шығарған жоқ. 

«Ойынды овертаймға жеткізуге мүмкіншіліктер жеткілікті болды. Өзім атап айтқандай, біз шайбаны қақпаға кіргізуге әрең дегенде қол жеткіземіз. Матчтағы жеңісті уыстан шығармау үшін біз голды аз соғамыз. Енді ойында жіберген олқылықтарымызды түзетіп, ары қарай қозғалу қажет, өйткені келесі ойынның да ауылы алыс емес», – деді финалдық сиренадан кейін «Барыстың» бас жаттықтырушысы Андрей Скабелка.

Континентальдық хоккей лигасының келесі ойынын қазақстандық команда тағыда өз алаңында өткізеді, 31-қазанда Нұр-Сұлтанға қонаққа Екатеринбургтың «Автомобилисті» келеді.

Сондай-ақ оқыңыз