Freedom Broker сарашылары «Қазақтелекомның» бір акциясы қазіргі бағасынан тағы 25%-ға өсу әлеуеті бар деп есептейді. Бұл туралы компанияның кезекті шолуында жазылған.
«Өсу әлеуетін қазіргі 34 260 теңгеден +25%, яғни 42 700 теңгеге дейін арттырдық. Ұсыныс – «Сатып алу», – деп хабарлады компания.
Бұған дейін «Қазақтелеком» 2023 жылдың IV тоқсанының қорытынды есебін жариялады.
Оған сәйкес еркін ақша айналымы 30,5 млрд теңгені құрады. Бұл өткен тоқсанның нәтижесінен 43,7 млрд теңгеге жоғары. Компания тоқсан сайынғы капиталы 87 млрд теңгеден 32 млрд теңгеге дейін күрт төмендеді. Сонымен бірге операциялық ақша ағындары 63 млрд теңгені құрады. Бұл үшінші тоқсандағыдан 15%-ға аз. Бірақ 2023 жылды...