«Қазақстан халқына» қоғамдық қоры және БҚО әкімдігі Батыс Қазақстан облысының Сырым ауданында су тасқынынан зардап шеккен отбасылар үшін тұрғын үйлер салу туралы меморандумға қол қойды.
Меморандум аясында облыста қордың қаржы ресурстары есебінен жергілікті атқарушы органдар ұсынған үлгілік жоба негізінде 114 тұрғын үй салынады. Аудан орталығы – Жымпиты ауылында 49 баспана тұрғызылады. Сырымдағы басқа ауылдар – Бұлдыртыда 25, Өлеңтіде 38 үй және Жетікөл мен Жаңақоныста бір-бір үйден салынады. Облыс әкімдігі су баспайтын аумақтан жер учаскелерін белгіледі.
«Біздің жеріміз, халқымыз табиғи апатқа тап болды, оның салдары, әрине, өте қайғылы. Бірақ, біз ортақ күш-жігерімізбен қысқа мерзімде жаңа үйлер құрылысын бастап, оларды...