Үкімет тасқын судың зарбадын жою үшін мемлекет қаржысын қатаң үнемдеу режиміне көшеді. Бұл жайлы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу» атты ХХХІІІ сессиясының отырысы барысында айтты.
Президент су тасқынының зардабын жою үшін мемлекеттік материалдық резервті пайдалануға рұқсат бергенін, елде республикалық және облыстық жедел штабтар жұмыс істеп жатқанын айтты. Сонымен бірге қоғам белсенділері және волонтерлер гуманитарлық көмек жинауға көшкенін, халықтің қиын-қыстау кезеңде біріккенін атап өтті.
«Халқымыздың ынтымағы мен жоғары азаматтық жауапкершілігі осы кезде айқын көрінді. Бірқатар аймақтар инфрақұрылымды және бүлінген үйлерді қалпына келтіруге кірісіп кетті. Бұл шаруаға ірі бизнес өкілдері қосылды. Қоғам белсенділері де...