Қазақстанда жаңа шетелдік банктердің бөлімшелері ашылуы мүмкін. Қытай, Оңтүстік Корея және Түркияның ірі банктерімен филиалдар ашу бойынша келіссөздер жүргізілуде. Бұл туралы ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары Нұрлан Әбдірахманов мәлім етті.
Агенттік төрағасының орынбасары мемлекет басшысының Қазақстанда банк секторында бәсекелестікті кеңейту жөніндегі тапсырмасы барын еске салды. Нұрлан Әбдірахмановтың айтуынша қазіргі уақытта бірқатар шетелдік қаржы институтты елімізде еншілес банк филиалдарын ашуға қызығушылық танытқан.
«Қазақстанға қандай банк келеді дегенге келсек. Бірқатар банктерді қарастырып жатқанын білеміз. Иә қызығушылық бар. Біріншіден осы айтып өткен Қытай, Оңтүстік Корея елдерімен біз экономикалық сауда-саттық тұрғысынан тығыз байланыстамыз. Олар біздің кәсіпкерлерді білед...