Жүргізуші куәлігіне үйде отырып тапсырыс беруге болады

Ол үшін «Электрондық үкімет» порталында өтініш беру керек

Фото:shutterstock.com

Мерзімі өткен, аты-жөнін ауыстырғысы келген, жоғалған немесе ұрланған жүргізуші куәлігін алуға өтінішті үйден шықпай-ақ, электронды үкімет порталы арқылы  беруге болады. Бұл туралы «Ұлттық ақпараттық технологиялар» баспасөз қызметі хабарлайды. 

Қазіргі кезде «Электрондық үкімет» порталында жүргізуші куәліктерін беру бойынша көрсетілетін қызмет жетілдірілді. Енді оны мерзімі өткен, тегін, атын және әкесінің атын ауыстырған, құжатты жоғалтқан немесе ұрлаған кезде пайдалануға болады.

Көрсетілетін қызметті жеке тұлғалар пайдалана алады, кәулік дайын болғанда хабарлама келеді.

«Біз тұрақты және тәулік бойы мониторинг жүргізіп, кері байланыс жасаймыз. Азаматтардан келіп түсетін барлық ұсыныстар жеке кейстер ретінде қаралады және пысықталады. Бұл сондай-ақ онлайн режимінде Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алу процесін жақсартуға және жеңілдетуге ықпал етеді", - деп түсіндірді «ҰАТ» АҚ Басқарма төрағасы Әсет Тұрысов.

Көрсетілетін қызметті алу үшін порталға eGov.kz кіріп, «Көлік және коммуникация» қосымша бетін таңдау қажет. Содан кейін «Автомобиль көлігі» бөлімінде «Жүргізуші куәліктерін беру» көрсетілетін қызметін таңдап, одан әрі порталда авторлану және «Көрсетілетін қызметке онлайн тапсырыс беру» батырмасы бойынша өту керек. Барлық міндетті алаңдарды толтырып, фотосуретті және қол қою үлгісін жүктейсіз. 1,25 АЕК мөлшерінде төлем жасап, соңынан ЭЦҚ көмегімен қызметке қояды.

«Тегін, атын және әкесінің атын өзгерту» жолын таңдаған кезде тегін, атын, әкесінің атын ауыстыру туралы куәлікті жүктеу керек. Іс-әрекет ету мерзімі өткеннен кейін 083-У медициналық анықтаманы, жоғалған немесе ұрланған жағдайда аудандық полиция басқармасынан анықтаманы тіркеу қажет.

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

kursiv_in_telegram.JPG

banner_wsj.gif


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

kursiv_opros.gif

kursiv_opros.gif