Skip to main content

Шаруалар картоп пен бұршақты егіп тастады

Азық-түлік тапшылығы болмасын деп, еңбек етіп жатыр.

фото:Агропресс

Көктемгі дала жұмыстары еліміздің барлық аймақтарында қызу жүріп жатыр. ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі егістіктің жай-жапсарына талдау жасады. Бұл туралы аталмыш министрліктің телеграм арнасы хабарлады. 

15 мамырдағы мәліметке сәйкес, шаруалар 3 млн гектар жерге жаздық дәнді және бұршақ дақылдарын себуде. Бұл көктемгі дақылдарды егуге бөлінген жалпы алаңның 20% құрайды.

Майлы дақылдар қазірдің өзінде млн гектарға егілді. Бұл жоспарланған жұмыс көлемінің 32% құрайды.

309 мың га жерге көкөніс пен картоп салынды.  Бұл жақсы көрсеткіш, яғни, жоспардың 65,5% игерілді деген сөз.

Көпжылдық шөптерді (228,5 мың га немесе 81,2%), мақтаны (101,7 мың га немесе 92,5%) және қант қызылшасын (20,4 мың га немесе 92,7%) егу аяқталуға жақын.

Естеріңізге сала кетейік, 2020 жылы ауылшаруашылық дақылдарының жалпы көктемгі егісі 18,6 миллион гектар жерге жоспарланған, бұл өткен жылмен салыстырғанда шамамен 300 мың гектарға көп. Бүгінгі таңда фермерлер 4,5 млн гектардан астам жерге немесе 25 пайызға отырғызды.

Айта кетейік, 2019 жылы 15 мамырда 2,2 миллион гектар немесе жалпы егіс алқабының 12% ғана егін егіп үлгерген болатынбыз.
 

banner_wsj.gif

Бүгіннен бастап Қазақстандағы барлық ішкі әуе рейстері іске қосылады

Санитарлық талаптар қатаң сақталуы тиіс

Фото: shutterstock.com

Бүгін, 25 мамырдан бастап Қазақстандағы барлық ішкі әуе рейстері қайта жанданады. Бұл жайлы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

    «Қазақстан Республикасы аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия шешіміне сәйкес, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ұсыныстарын ескере отырып, 2020 жылғы 25 мамырдан бастап Атыраудан республиканың өзге қалаларына келесі бағыттар бойынша ұшулар қайта ашылады. Рейстер әуе компаниялардың ресми сайттарында жарияланған кестеге сәйкес орындалып, Көліктегі бас санитарлық мемлекеттік дәрігермен бекітілген санитарлық қауіпсіздіктің жоғары шаралар шартында жүзеге асырылады:
•    жеке қорғаныс жабдықтарын пайдалану (бетперделер, қолғаптар);
•    термометрия, әлеуметтік қашықтықтықты әуе кемесінің бортына отыруға дейін ұстану;
•    әуежайлар мен әуе кемелердің күшейтілген дезинфекциясы.
Жазғы мерзімде әуе тасымалдарына сұраныстың көбейетінін ескере отырып, қалалар арасында рейстер санын сұраныс пен ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің санитарлық-карантиндік шараларын ескере отырып әуе компаниялары анықтайды. Осылайша, 2020 жылғы 25 мамырдан бастап еліміздің барлық әуежайлары ішкі тұрақты рейстер үшін ашылып, ішкі әуе нарығындағы бағыттардың жандануына ықпал етеді»,- делінген хабарламада. 

    Бүгіннен бастап «Air Astana» әуе компаниясы Атырау – Алматы, Атырау – Нұр-Сұлтан бағыты бойынша аптасына 7 рейс; «Scat» Атырау – Нұр-Сұлтан бағыты бойынша аптасына 5 (1 маусымнан бастап – 7), Атырау – Ақтау бағыты бойынша аптасына 7 рейсті (1 маусымнан бастап – 14) жүзеге асырмақ. Ал «Qazaq Air» компаниясы Атырау – Ақтау, Атырау – Ақтөбе, Атырау – Орал бағыты бойынша аптасына – 4, ал Атырау – Шымкент бағыты бойынша аптасына 7 рейс орындайды. Ұшуға рұқсат етілген компаниялар ішінде «Fly Arystan» да бар. Лоукостер Атырау – Шымкент бағыты бойынша шілде айынан бастап аптасына 3 рет ұшатын болады. 

 Рейс кестелері әуе компаниясы бастамасымен өзгеруі мүмкін. Барлық әуе сапары бас санитар дәрігер бекіткен санитарлық қауіпсіздік талаптарын сақтау арқылы жүзеге асады. 

Осыған дейін отандық ranking.kz порталы пандемияның әуе қатынасы саласына елеулі залал тигізгенін жазған болатын. Қаңтар – сәуір айларында табыс көлемі 71,3 млрд долларды құрап, былтыр осы кезеңдегі көрсеткіштен 31,8 пайызға азайып кеткен. Ал осы жылдың наурыз – сәуір айларында әуе қызметін тұтынған қазақстандықтар саны 70 пайызға бір-ақ қысқарған. Елімізде 1 мамыр күні әуе қызметі қайта жанданды. Алғашқы күннің өзінде 700 адам ұшаққа отырған. 
 

banner_wsj.gif

#Коронавирус в Казахстане

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

kursiv_kaz.png