Skip to main content

Қырсық шалған қырыққабаттың мәселесі бітпей жатыр

Түркістандық фермерлер капуста үшін жаппай сертификат сұрауда

Фото;Агропресс

Биылғы жылдың бірінші тоқсанында ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің мемлекеттік инспекторлары өсімдік өнімдерінің экспорты үшін 10,0 мыңнан астам фитосанитариялық сертификаттар, оның ішінде ерте піскен қырыққабатқа 2,5 мың сертификат берген. Жуырда фермерлердің жаппай үндеуіне байланысты Шымкент және Түркістан аумақтық инспекциясы үстемелі жұмыс режиміне көшті, деп хабарлайды АШМ баспасөз қызметі.

Қырыққабатты экспорттауға қажетті құжаттар Түркістан облысы мен Шымкент қаласының барлық аумақтық инспекцияларында беріледі. Мамыр айында олар 2,7 мыңнан астам өтініш қабылдады. Осы айда мамандар 2,7 мың фитосанитарлық және 164 карантиндік сертификаттар берді. Бұл дегеніміз, өсімдіктердің карантиндік тексеруін жүргізетін әр мемлекеттік инспектор күн сайын фермерлердің 40-қа жуық өтінішін өңдейді, бұл сәуір айымен салыстырғанда орташа есеппен 2,5 есе көп.

Қырыққабат өндірушілердің барлық сұраныстарын қанағаттандыру үшін Ауыл шаруашылығы министрлігі агроөнеркәсіптік кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитеті Шымкент қаласының аумақтық инспекциясына қосымша жұмыс уақытын енгізді. Сонымен қатар, өтініштердің күрт артуына және оңтүстікке фитосанитариялық сертификаттардың берілуін жеделдетуге байланысты басқа өңірлерден қызметкерлер іссапарға жіберілді.

Фитосанитарлық сертификаттарды беруден дәлелді бас тарту Қазақстан Республикасының «Өсімдіктер карантині туралы» заңнамасының талаптарына сәйкес жүргізіледі, өтініш берілген күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

Жалпы, фитосанитарлық сертификат беру процесі үш негізгі кезеңнен тұрады:

ББАЖ порталына түскен өтінімдерді тіркеу және тексеру, оның ішінде өтінімде көрсетілген ақпарат пен деректердің толықтығы мен дұрыстығын тексеру;
карантиндік фитосанитарлық жағдайды белгілеу және карантинге жатқызылған өнімдерді физикалық тексеру, сондай-ақ тексеру жүргізу үшін өсімдіктер карантині жөніндегі инспектордың карантинге жатқызылған өнімді сақтауы және қоймаға баруы (үлгілерді фитосанитариялық сараптамаға жіберуге болады);
карантиндік фитосанитарлық бақылау және қадағалау туралы актіні БААЖ-да ресімдеу, фитосанитарлық сертификатты тіркеу немесе оны беруден дәлелді бас тарту.
          Сондай-ақ, бұқаралық ақпарат құралдарында және әлеуметтік желілерде көрсетілген шағымдарға сәйкес, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Шымкент қаласындағы аумақтық инспекцияның жұмысын тексеруді қолға алғанын хабарлаймыз.
 

banner_wsj.gif

Алматыдағы сауда орындары қай кезде ашылады?

Әкімдік жауап берді

Фото: kursiv.kz

Алматыдағы киім-кешек дүкендері мен басқа да маңызды нысандардың қай кезден бастап ашылатыны белгілі болды. Бұл туралы қалалық кәсіпкерлік және инвестиция басқармасының басшысы Еркебұлан Оразалин хабарлады. 

Оның айтуынша, дүйсенбі, 25 мамырдан бастап Халыққа қызмет көрсету орталықтары (ХҚКО), азық-түліктік және әмбебап базарлар есігі ашылады. Сонымен қатар 5 арнайы ХҚКО, 2 миграциялық қызмет орталығы, 2 цифрлық қызмет орталығын қоса есептегенде 16 фрон-кеңсе ашылады деп жоспарланған. ХҚКО-лардың жұмыс бастауымен 1,6 мың адам жұмысқа кіріспек. Ал базарлар бәрі бірдей емес, біртіндеп жұмысқа кіріседі. Олар 18 мамырдан бастап ашылуға дайындық жұмыстарын бастап кеткен. 

«Карантинге дейін қалада 900 мың адам еңбек еткен. Қазір 500 мыңға жуық адам жұмыстарына қайтып оралды. Олардың көбі сауда секторында жұмыс істейді. Дүйсенбіден бастап сауда орталықтары мен сауда үйлерінің жұмыс бастауы себепті тағы 100 мыңдай адам жұмысқа шықпақ. Азық-түліктік емес базарлар 1 маусымнан бастап іске қосылады»,- дейді Еркебұлан Оразалин. 

25 мамырдан бастап аумағы 500 шаршы метрден асатын 138 сауда нысаны ашылмақ. Негізінен химиялық тазалау, сұлулық салоны, мейрамханалар есігі айқара ашылады. 
Кәсіпкерлер өз жұмысын бастау жайлы infoalmaty.kz сайты арқылы өтініш бере алады. 
Қазіргі таңда Алматы қаласында ресми түрде 52 базар тіркелген. Олардың ішінде 23 азық-түлік және 29 азық-түліктік емес базар бар. 

Сондай-ақ қалада 24 сауда-ойын сауық орталығы, 38 сауда орталығы, 59 сауда үйі бар.

16 наурызда президент жарлығымен елімізде төтенше жағдай режимі енгізіліп, режим 11 мамырда аяқталды. Алайда бүкіл ел аумағында карантин режимі сақталды. Бірақ билік елде біртіндеп карантин режимінің жеңілдетілетінін айтқан болатын. 
 

banner_wsj.gif

#Коронавирус в Казахстане

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

kursiv_kaz.png