Skip to main content

Қазақстанда тауар өткізу желісі құрылмақ

Өйткені қазіргі базарлардың бірде бірі заман талабына сай емес

Фото: Асқар Ахметуллин

Қазақстан 2020 жылға дейін көтерме-тарату орталықтары кешенін (КТО)— ұлттық тауар өткізу желісін құрмақ. Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік  арқылы  салынатын желі  жылына 4,8 млн тонна өнімді сақтап, жеткізуге мүмкіндік береді. Осы желіні құру арқылы Қазақстан азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен бағаны бақылаудың жаңа деңгейіне өтеді. Ал дәл қазір жеміс-жидектің бестен бір бөлігі қоймада шіріп кетеді деп мәлімдеді үкімет отырысында Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов.

"Жобаны іске асырудың жалпы құны 237,5 млрд. теңгені құрайды. Құрылысқа отандық және шетелдік құрылыс компаниялары тартылады. Жалпы алғанда, 2022 жылға қарай көлемі жылына 4,8 млн. тонна қуатты құрайтын тетікті әзірлеп ұсынамыз", - деді министр. 

Тауар өткізу жүйесін құру шамамен 10,5 мың, оның ішінде құрылыс кезеңіне 4,2 мың, объектілерді пайдалануға 6,3 мың маман тартуға және жұмыс орындарымен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Бірінші кезеңде ауыл шаруашылық тауарларын сақтауға бағдарланған 5 көтерме-тарату орталығы Павлодар, Алматы және Түркістан облыстарында салынады.

"600 мың тонна азық-түлік сыятын орталықтарда биыл күзгі жиын-терімнің өнімін сақтап қойсақ деп жоспарлап отырмыз. Бюджеттік механимнің қолданылу себебі де осы", - деді Б.Сұлтанов. 

Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметіне сүйенсек, республикада көкөніс сақтау қоймаларының тапшылығы шамамен 70%-ті құрайды, ал кейбір өңірлерде бұл көрсеткіш 90%-ке жетеді.

Бұл өз кезегінде өнім шығынына және оны ұзақ сақтау мүмкіндігінің болмауына әкеп соғады. Мәселен, көкөніс пен жемістің шығыны 19%-ті, ет пен сүт өнімдерінің шығыны 5%-ті құрайды. Кәсіпкердің барлық шығыны өнімнің түпкілікті құнына әсерін тигізеді. 

Сауда инфрақұрылымына келер болсақ, бүгінде  елімізде 750 сауда базары бар, оның 51 пайызы стационарлық емес. Оған қоса, олардың бірде біреуі заман талабына сай келмейді. Тауарларды жедел жүктеуге мүмкіндік беретін заманға сай жүк түсіру (қазір оны «кросс-док» деп атайды) және температуралық қоймалардың жеткіліксіздігі бағаға тікелей әсерін тигізеді.

"Қазіргі базарларда тауар айналымын бақылап отыратын ақпараттық жүйе жоқ. Азық-түлік қауіпсіздігінің қазіргі жағдайы ұзақмерзімді азық-түлік сақтау үшін сапалы инфрақұрылымның жетіспеушілігімен сипатталады. Ол ауыл шаруашылығы өндірушілерінің шығындарын арттырады. Екіншіден, сауда-логистикалық инфрақұрылым нысандарының бір-бірімен дұрыс үйлеспеуі, тұтынушыға тауардың жету жолын қиындатады. Сауда өнімінің ескі форматы бағаны тұрақтандыруға жол бермейді. Осымен бірге көлік-логистикалық жүйенің қымбаттылығы мен төмен тиімділігі транзиттік мүмкіншіліктер мен экспорттық әлеуетті толық ашуға қиындатады", -деді министр. 

banner_wsj.gif

Бүгіннен бастап Қазақстандағы барлық ішкі әуе рейстері іске қосылады

Санитарлық талаптар қатаң сақталуы тиіс

Фото: shutterstock.com

Бүгін, 25 мамырдан бастап Қазақстандағы барлық ішкі әуе рейстері қайта жанданады. Бұл жайлы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

    «Қазақстан Республикасы аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия шешіміне сәйкес, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ұсыныстарын ескере отырып, 2020 жылғы 25 мамырдан бастап Атыраудан республиканың өзге қалаларына келесі бағыттар бойынша ұшулар қайта ашылады. Рейстер әуе компаниялардың ресми сайттарында жарияланған кестеге сәйкес орындалып, Көліктегі бас санитарлық мемлекеттік дәрігермен бекітілген санитарлық қауіпсіздіктің жоғары шаралар шартында жүзеге асырылады:
•    жеке қорғаныс жабдықтарын пайдалану (бетперделер, қолғаптар);
•    термометрия, әлеуметтік қашықтықтықты әуе кемесінің бортына отыруға дейін ұстану;
•    әуежайлар мен әуе кемелердің күшейтілген дезинфекциясы.
Жазғы мерзімде әуе тасымалдарына сұраныстың көбейетінін ескере отырып, қалалар арасында рейстер санын сұраныс пен ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің санитарлық-карантиндік шараларын ескере отырып әуе компаниялары анықтайды. Осылайша, 2020 жылғы 25 мамырдан бастап еліміздің барлық әуежайлары ішкі тұрақты рейстер үшін ашылып, ішкі әуе нарығындағы бағыттардың жандануына ықпал етеді»,- делінген хабарламада. 

    Бүгіннен бастап «Air Astana» әуе компаниясы Атырау – Алматы, Атырау – Нұр-Сұлтан бағыты бойынша аптасына 7 рейс; «Scat» Атырау – Нұр-Сұлтан бағыты бойынша аптасына 5 (1 маусымнан бастап – 7), Атырау – Ақтау бағыты бойынша аптасына 7 рейсті (1 маусымнан бастап – 14) жүзеге асырмақ. Ал «Qazaq Air» компаниясы Атырау – Ақтау, Атырау – Ақтөбе, Атырау – Орал бағыты бойынша аптасына – 4, ал Атырау – Шымкент бағыты бойынша аптасына 7 рейс орындайды. Ұшуға рұқсат етілген компаниялар ішінде «Fly Arystan» да бар. Лоукостер Атырау – Шымкент бағыты бойынша шілде айынан бастап аптасына 3 рет ұшатын болады. 

 Рейс кестелері әуе компаниясы бастамасымен өзгеруі мүмкін. Барлық әуе сапары бас санитар дәрігер бекіткен санитарлық қауіпсіздік талаптарын сақтау арқылы жүзеге асады. 

Осыған дейін отандық ranking.kz порталы пандемияның әуе қатынасы саласына елеулі залал тигізгенін жазған болатын. Қаңтар – сәуір айларында табыс көлемі 71,3 млрд долларды құрап, былтыр осы кезеңдегі көрсеткіштен 31,8 пайызға азайып кеткен. Ал осы жылдың наурыз – сәуір айларында әуе қызметін тұтынған қазақстандықтар саны 70 пайызға бір-ақ қысқарған. Елімізде 1 мамыр күні әуе қызметі қайта жанданды. Алғашқы күннің өзінде 700 адам ұшаққа отырған. 
 

banner_wsj.gif

#Коронавирус в Казахстане

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

kursiv_kaz.png