Skip to main content

Елімізде фермерлер дизельді 15% арзан алады

Шамамен бағасы 165 теңгені құрайды

Фото: Shutterstock

Қазақстандық фермерлер дизель отынының қазіргі бағасынан 15% арзан сатып алады. Оның бағасы шамамен 165 теңгені құрайды,- деп хабарлады ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасын орындау аясында зауытта ауылшаруашылық өнімдерін өндіруге арналған дизель отынының бағасы тоннасына 174 мың немесе литріне 144 теңге.

Жеткізу мен сақтау жұмыстарын ескере отырып, бір литр үшін 165 теңгені құрайды. Бұл қазіргі бағадан 15% арзан (жанармай құю бекетінде дизель отынының орташа бағасы  бір литр үшін 193 теңге).

banner_wsj.gif

Алматыдағы сауда орындары қай кезде ашылады?

Әкімдік жауап берді

Фото: kursiv.kz

Алматыдағы киім-кешек дүкендері мен басқа да маңызды нысандардың қай кезден бастап ашылатыны белгілі болды. Бұл туралы қалалық кәсіпкерлік және инвестиция басқармасының басшысы Еркебұлан Оразалин хабарлады. 

Оның айтуынша, дүйсенбі, 25 мамырдан бастап Халыққа қызмет көрсету орталықтары (ХҚКО), азық-түліктік және әмбебап базарлар есігі ашылады. Сонымен қатар 5 арнайы ХҚКО, 2 миграциялық қызмет орталығы, 2 цифрлық қызмет орталығын қоса есептегенде 16 фрон-кеңсе ашылады деп жоспарланған. ХҚКО-лардың жұмыс бастауымен 1,6 мың адам жұмысқа кіріспек. Ал базарлар бәрі бірдей емес, біртіндеп жұмысқа кіріседі. Олар 18 мамырдан бастап ашылуға дайындық жұмыстарын бастап кеткен. 

«Карантинге дейін қалада 900 мың адам еңбек еткен. Қазір 500 мыңға жуық адам жұмыстарына қайтып оралды. Олардың көбі сауда секторында жұмыс істейді. Дүйсенбіден бастап сауда орталықтары мен сауда үйлерінің жұмыс бастауы себепті тағы 100 мыңдай адам жұмысқа шықпақ. Азық-түліктік емес базарлар 1 маусымнан бастап іске қосылады»,- дейді Еркебұлан Оразалин. 

25 мамырдан бастап аумағы 500 шаршы метрден асатын 138 сауда нысаны ашылмақ. Негізінен химиялық тазалау, сұлулық салоны, мейрамханалар есігі айқара ашылады. 
Кәсіпкерлер өз жұмысын бастау жайлы infoalmaty.kz сайты арқылы өтініш бере алады. 
Қазіргі таңда Алматы қаласында ресми түрде 52 базар тіркелген. Олардың ішінде 23 азық-түлік және 29 азық-түліктік емес базар бар. 

Сондай-ақ қалада 24 сауда-ойын сауық орталығы, 38 сауда орталығы, 59 сауда үйі бар.

16 наурызда президент жарлығымен елімізде төтенше жағдай режимі енгізіліп, режим 11 мамырда аяқталды. Алайда бүкіл ел аумағында карантин режимі сақталды. Бірақ билік елде біртіндеп карантин режимінің жеңілдетілетінін айтқан болатын. 
 

banner_wsj.gif

#Коронавирус в Казахстане

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

kursiv_kaz.png