1 view

42500 теңге әлеуметтік төлем алу үшін өтінім беруге арналған бот іске қосылды

@Help42500Bot деп жазып, «Start» батырмасын басу қажет

Фото:Shutterstock

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің хабарлауынша, әлеуметтік төлемді алу үшін көп қиналмай телеграм ботқа кірсе жеткілікті. 

🔹Ол үшін Telegram мессенджеріне кіріп, іздеу жолағына @Help42500Bot деп жазып, «Start» батырмасын басу қажет.

📍Өзін-өзі жұмыспен қамтыған азамат үшін:

1️⃣ «Өзін-өзі жұмыспен қамтушы» батырмасын басу;

2️⃣ Өзінің ЖСН енгізу;

3️⃣  Электронды пошта адресін енгізу;

4️⃣ Телефон нөмірін енгізу;

5️⃣ Банктік шот нөмірін енгізу (IBAN);

6️⃣ Өтінішті растау;

7️⃣ Бұдан кейін келесі мазмұнда хабарламалар келеді:
✔️ сіздің өтініміңіздің қабылданғандығы туралы;
✔️сіздің өтініміңіздің тіркеу нөмірі;
✔️ сіздің өтініміңізді өңделгені туралы жауап.

📍Қызметкер үшін:

1️⃣ «Қызметкер» батырмасын басу;

2️⃣ Өзінің ЖСН енгізу;

3️⃣ Жұмыс істейтін ұйымның БСН-ын енгізу;

4️⃣ Электронды пошта адресін енгізу;

5️⃣  Телефон нөмірін енгізу;

6️⃣ Банктік шот нөмірін енгізу (IBAN);

7️⃣Өтінішті растау;

8️⃣ Бұдан кейін келесі мазмұнда хабарламалар келеді:
✔️сіздің өтініміңіздің қабылданғандығы туралы;
✔️сіздің өтініміңіздің тіркеу нөмірі;
✔️сіздің өтініміңіздің өңделгені туралы жауап.
 

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook және Telegram


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер