Skip to main content

Шығыс Қазақстан облысы медициналық маскаларды шығара бастамақ 

Оның көлемі 500 мың дана.

Фото: Shutterstock

Шығыс Қазақстан өзін жеке қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етпек. Қытайдан шикізат жеткізумен айналысқандықтан әрі аурудың алдын-алу үшін дәкені байлап тігу технологиясын қайта қолға алмақ екен. 

Шығыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы Ержан Шұрмановтың айтуынша, қазіргі уақытта Өскемен және Семей қалаларында жұмыс істейтін жеңіл өнеркәсіптің үш кәсіпорны дәке тігу жұмыстарымен айналысуға дайын екен. Бірінші кезекте жарты миллионға жуық дәкеден бетперде шығару жоспарлануда.

«Біз Шығыс Қазақстан облысы бойынша тауарлар мен қызметтер сапасын бақылау және қауіпсіздік бөлімі департаментінен түсініктеме алдық. Дәке маскасы тоқылған емес таңғыш сияқты қорғаныс сипаттамаға ие екен.Сондықтан қазіргі уақытта фармацевтикалық компаниялармен талапқа сай сапалы дәке жеткізу туралы мәселе шешілуде», - деді Ержан Шұрманов.

Қазір тігін фирмалары баға жайлы ұсыныстарын ұсынып, жұмысқа кірісуге дайын. Шикізатпен байланысты негізгі мәселе шешілген сәтте кәсіпкерлер екі апта ішінде 500 мың дана дәке таңғышын шығаруға кепілдік беріп отыр.

Бұған дейін, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі қазақстандық өндірушілерге масканы дистрибьюторлық компанияларға сатуға тыйым салғаны туралы хабарланған болатын.

banner_wsj.gif

Қазақстанның қай облысында су қоймасы салынады?

Бұл сұраққа геология, экология және табиғи ресурстар министрі жауап берді

Фото: kursiv.kz

Қазақстанда 2030 жылға дейін 28 су қоймасы салынады. Бұл туралы геология, экология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев мәлімдеді. 

Министр Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2030 жылға қарай суармалы жер көлемін 1,5 млн гектардан 3 миллион гектарға арттыруға тапсырма бергенін айтып өтті. Осы мақсатта 2030 жылға дейін 28 су қоймасы салынбақ. 

"Су қоймасын Ақмола, Ақтөбе, Қарағанды, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Шығыс Қазақстан және Батыс Қазақстан облыстарында салу көзделіп отыр", - деп нақтылады министр.

Министрдің есебі бойынша, бұл су қоймаларында жалпы көлемі 3,8 текше шақырым су жинауға болады, бұл қосымша 470 мың гектар ауылшаруашылық жерді суаруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, 12 су қоймасы екі мақсатқа пайдаланылады, біріншісі - суаруға қажетті суды жинау болса, екіншіден, 70-тен аса елдімекенді тасқын қаупінен сақтап тұрады.

2020-2021 жылдары 6 785 километр канал, 4 су қоймасы, 4 су торабы, 239 тік дренаж ұңғымасы және 23 мың өзге де су шаруашылығы құрылыстары қайта жаңартылады.

Ирригациялық инфрақұрылымды дамыту мен жаңғырту жобаларын іске асыру Алматы, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда және Ақтөбе облыстарында қосымша 500 мыңдай гектар суармалы жерді пайдалануға мүмкіндік береді. Бұған шамамен 274 млрд теңге көзделген. 
88 мың жұмыс орны құрылмақ.
 

banner_wsj.gif

drweb_ESS_kursiv.gif