Қазақстанда мақта өңдірісі 3 есеге артты

Жарияланды
Мыңнан астам қосымша жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді

Отандық мақтаны қайта өңдеу үш есеге артып, қосымша мыңға жуық жұмыс орны құрылады. Бұл туралы ҚР ИИДМ баспасөз қызметі хабарлады.

2020 жылғы ақпанда жеңіл өнеркәсіптегі өндіріс 12,4% өсті. Оның ішінде тоқыма бұйымдары 11,9%, киім өндірісі 9,7%, былғары және олармен байланысты өнімдер 11,8% құрады.

2019 жылдың наурызында үкімет жеңіл өнеркәсіпті дамытудың 2019-2021 жылдарға арналған жол картасын бекітті. Онда кәсіпорындарды шикізатпен қамтамасыз етуге, тауарлардың заңсыз саудасына қарсы тұруға, сондай-ақ, жүйелі қолдау бойынша шараларды қарастырды.

Қазақстанда маталардың, дайын терінің, киім мен аяқ киім өндіруге арналған керек-жарақтар, химиялық заттар мен бояғыштардың көп түрі өндірісте жоқ. Бұл дайын өнімнің бағасына әсер етеді.  Қазақстанда бүгінгі таңда мақта өңдейтін төрт кәсіпорынның тек екеуі тұрақты жұмыс істейді. Олар қазақ-өзбек бірлескен «TPK Alliance» кәсіпорыны және 2019 жылдың желтоқсанында «Ютекс» АҚ тоқтап тұрған өндірісін іске қосты.

Былғары теріні қайта өңдеу кәсіпорындарын ұлғайту мақсатында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Бүгінгі таңда ірі қара мал кәсіпорындары терінің жалпы  (3 млн-ға жуық), 16 пайызын өңдейді.

Сондай-ақ оқыңыз