Қазақстан Қытайға газ экспортын қысқартты

Жарияланды
Ноғаевтың айтуынша, газ жеткізу 20-25% -ға азайған

«Қазақстан Қытайға газ экспортын 20-25 пайызға азайтты»,- деп хабарлайды энергетика министрі Нұрлан Ноғаев. Бұл туралы «Интерфакс» жазды.

«Бүгін біз Қытайға газ жеткізу көлемін 20-25% -ға қысқарттық. Бұл көрсеткіш былтырғы деңгеймен бірдей»,- деді Ноғаев мәжілістің жалпы отырысында.

Қытайдан шыққан індетке байыланысты осыдан бес күн бұрын «ҚазТранГаз» АҚ аталмыш елге тиесілі PetroChina International Company Limited компаниясынан форс-мажордың туындағаны туралы хабарлама алған еді.
 

Сондай-ақ оқыңыз