Brent маркалы мұнайдың бір баррелі 36 долларға өсті

Cонымен қатар WTI артты

Фото: Shutterstock.com

Бүгінгі ақпарат бойынша, Brent маркалы мұнай 6,14% (баррелі 35,85 доллар), ал WTI бағасы 4,91% (бір баррель үшін 32,66 доллар) қымбаттады.

Бұған дейін ОПЕК + мұнай өндірісіннің негізгі екі қатысушысы, Ресей мен Сауд Арабиясы  коронавируске байланысты, өндірісті одан әрі төмендету бойынша ұсыныстармен келісе алмады.
 

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

banner_wsj.gif

 

Қазақстандықтар бір айда 62 келі алтын сатып алған

Әсіресе 10 грамдық құймалар сұранысқа ие

Фото: Kursiv.kz

Мамыр айында  қазақстандықтар екінші деңгейлі банк және банктік емес айырбастау пунктерінен жалпы салмағы 62 165 грамм болатын 1 467  құйма алтын сатып алған. Ал 2017 жылдан бері жалпы салмағы 845 060 грамды құрайтын 25 968 өлшеуіш құйма сатылыпты.

Ұлттық банк дерегіне сүйенсек , алтын құймалары бес түрде ұсынылған: 5, 10, 20, 50 және 100 г. Сатып алушылар арасында салмағы 10 г. құйма сұранысқа ие.  Сатылған алтынның 27 пайызын 10 грамдық құймалар (6 969 дана) құраған. 

Одан кейін 5 грамдық құймалар көп сатылған – 6 050 дана (23%).  Ел тұрғындары 20 грамдық құймадан 4966 дана (19%), 100 грамдық алтыннан – 4 933 дана (19%), 50 грамдық құймадан 3 050 дана (12%) сатып алған. 

Алтын құймасын сатып алуда өңірлер арасындағы көшбасшы – Алматы қаласы (сатылған құймалардың  50,3%-ы), одан кейін Атырау (18,4%), Нұр-Сұлтан (11,4%) және басқа өңірлер (19,9%) келеді.

Кері сатып алу бойынша жалпы массасы 3 010 грамм 106 өлшеуіш құйма қабылданған. Бұл алтын құймалары инвестициялау пен қаржы жинаудағы ұзақ мерзімді құрал саналады.

Қазіргі кезде алтын құймаларын Halyk Bank, Еуразиялық Банк, Jýsan Bank, Банк ЦентрКредиттен, сондай-ақ банктік емес айырбастау пунктерінен сатып алуға және кері сатуға болады. 

Алтын құймалары – инвестициялаудың сенімді құралы. Банк пен банктік емес айырбастау пунктерінің клиентке дәл  сол сәтте ақша төлей отырып, құймаларды кері сатып алу мүмкіндігі – алтын құйма нарығының өтімділігін қамтамасыз етудегі негізгі фактор. 

ҚР Ұлтты банкі әрбір құйма қорғаныш элементтері (құймалардың беті айнадай, микромәтін және бедерлі гурт) бар, оны механикалық зақымданудан қорғайтын, сондай-ақ, орауы ашылған- ашылмағанын тез анықтауға мүмкіндік беретін арнайы орамада шығарылатынын ескертеді. Қорғаныш орамасы – құйма сапасының сертификаты. Сондықтан мамандар құйманы ұқыпты сақтау және ораманы ашпауды ұсынады. 

2020 жылдың 5 маусымдағы жағдай бойынша 1 грамм алтын  бағасы –  21 918,57 теңге.
 

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

banner_wsj.gif

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

kursiv_uz_banner_240x400.jpg