Қазақстанда бензин қымбаттауы мүмкін

Жарияланды (жаңартылды )
Тиісті болжамды Ұлтық экономика министрлігінің басшысы жария етті

Сенатта 2020-2022 жылдарға арналған республикалық бюджетті қарастыру барысында ұлттық экономика министрі (ҰЭМ) Руслан Даленов бензин акцизі бойынша әр литрге қосымша 10 теңге қосу ұсынылып отырғанын хабарлады.

«Сіз бензин акциздері бағасының өсетіні туралы айттыңыз. Қазір оның 10 теңгеге қымбаттайтыны және тиісті құжаттардың дайындалып жатқаны туралы айтылуда. Бұл бағаның өсуіне әкеліп соқпай ма? Ол шағын және орта бизнеске кері әсерін игізбей ме?» – деп сұрады ҰЭМ басшысынан сенатор Сәрсенбай Еңсегенов.

Оған жауап ретінде ұлттық экономика министрі үкіметтің тиісті қаулысының жобасы дайындалып жатқанын хабарлады 

«Акциз бойынша әр литрге қосымша 10 теңге қосуды жоспарлап отырмыз. Біздің ойымызша, бұл бағаға қосылған аз ғана қосымша. Есептеулер оның өнім құны мен инфляцияға қатты әсер ете қоймайтынын көрсетіп отыр. Акциздердің ішіндегі неғұрлым жоғары үлес өңдеуші және сатушы компаниялардың шығындары мен кірістеріне тиесілі», – деді жағдайды түсіндірген Даленов.

Естеріңізге салсақ, Қазақстанда 2-қарашадан бастап, бензин мен дизельдік отынды автомобиль көлігімен елден шығаруға алты айға шектеу енгізілген еді.

Сондай-ақ оқыңыз