Brent маркалы мұнайдың бағасы барреліне 87 доллардан асты

Жарияланды
«Қара алтынның» бағасы соңғы рет 2014 жылы бұл көрсеткішке жеткен

2022 жылдың наурыз айында жеткізілетін Brent маркалы мұнайдың фьючерстік келісімшартының бағасы барреліне 87 доллардан жоғары көтерілді. Бұған Investing.com деректері дәлел.

Соңғы рет Brent барреліне 87 долларға 2014 жылдың қазан айында жеткен.

Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 09:15-тегі жағдай бойынша Brent маркалы мұнайдың наурыздағы фьючерстік келісімшартының бағасы 1,1%-ға өсіп, 87,43 долларды құрады. Солтүстік Американың WTI маркалы мұнайының наурыз фьючерстері 1,5%-ға өсіп, 84,55 долларды құрады.

Бұдан бұрын хабарланғандай, 2021 жылы Brent маркалы мұнай барреліне 51,8 доллардан 52 пайызға қымбаттаған. Осының аясында ОПЕК+ жоспарлы өндірісті арттыруды жалғастыру туралы шешім қабылдау ықтималдығы артып келеді.

Сондай-ақ оқыңыз