1 view

Қырғызстанда аяқ киім тігетін жаңа кәсіпорын іске қосылды

Өнімнің 40 пайыздан астамы Қазақстан нарығына жіберіледі

Фото:24.kg

Қырғызстанда аяқ киім шығаратын жаңа кәсіпорын іске қосылды. Бұл туралы 24.kg сайты  Инвестициялар және даму агенттігінің (KADI) баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.

Жобаны жүзеге асыру иірілген жіп өндірісі мен құрылыс қолғаптарын өндіру бойынша алдыңғы жобадан алынған табысты қайта инвестициялаудың арқасында басталғаны атап өтілді.

KADI өндірістің елде баламасы жоқ екенін, кәсіпорынның импортты алмастыратын және экспортқа бағытталғанын – өнімнің 40 пайыздан астамы Қазақстан нарығына жіберілетінін айтты. Кәсіпорынның өндірістік қуаты жылына 600 мың жұптан асады.

Компания өндіріс желісін кеңейтіп, спорттық аяқ киімдерді шығаруды жоспарлап отыр.


 

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Telegram және Facebook


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер