Қазақстанда өңдеу өнеркәсібі 5,3%-ға өсті

Жарияланды
Еліміздің өңдеу өнеркәсібінде тұрақты өсім сақталып отыр

Нақты көлем индексі 5,3% артып, 13,4 трлн теңгені құрады. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі көлемнен асып түседі. Бұл туралы ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Telegram каналы хабарлады.

Іс жүзінде саланың барлық секторында оң динамика байқалады.

Индустрияландыру картасы аясында жыл соңына дейін жалпы сомасы 1,3 трлн теңге болатын 139 жобаны іске қосып, 12,7 мың жаңа тұрақты жұмыс орнын ашу жоспарланып отыр. 

Қараша айындағы жағдай бойынша жалпы сомасы 1 трлн теңге болатын 83 жоба пайдалануға беріліп, 9 мыңдай тұрақты жұмыс орны ашылды.

Индустрияландыру картасы аясында Қазақстанда 83 жоба іске қосылды. Жыл соңына дейін олардың санын 139-ға жеткізу жоспарланып отыр. 

Олардың қатарында мынандай кәсіпорындар бар: 

Қарағанды облысындағы байыту фабрикасы («Жәйрем КБК» АҚ). Жаңа полиметалл фабрикасы қорғасын-мырыш кенін өндіру көлемін 2,5 есеге (жылына 5 млн.тоннаға дейін) арттырады.

Қызылорда облысында желтоқсан айында өнімділігі жылына 197,1 мың тонна шыны болатын «Orda Glass» ЖШС табақ шыны өндіретін зауытты техникалық іске қосу жоспарлануда. 226 жаңа жұмыс орны ашылады. 
 Шығыс Қазақстан облысында («KAZ Minerals Aktogay» ЖШС) Ақтоғай КБК кеңейту жобасы іске қосылады. Ол сульфидті кенді қайта өңдеу қуатын 2 есеге арттырып, жылына 50 млн. тоннаға дейін және мыс өндірісін жылына 190 мың тоннаға дейін (өсімді 90% – ға қамтамасыз етеді) ұлғайтады.

Қарағанды облысында «Qaz Carbon» ЖШС Сарыарқа ферроқорытпа зауытын іске асыру басталды (57 мың тоннаға дейін ферроқорытпа және 240 мың тоннаға жуық марганец агломератын өндіру). Зауыт өнімі Nippon Steel, Marubeni Corporation, «АрселорМиттал» және басқа да шетелдік алыптардың сұранысына ие. Экспорт Жапония, Ресей, Еуропа және ТМД елдеріне шығарылады.

 Қостанай қаласындағы оқшаулау орталығында электр техникалық жабдықтар, ауыл шаруашылығы және автомобиль техникасы компоненттерін өндіретін тағы 2 жоба пайдалануға берілді.
 

Сондай-ақ оқыңыз