1 view

Қазақстан жиһазды қай елдерге экспорттайды?

Биыл Өзбекстанға жиһаз өнімдерін экспорттау көлемі 9 есеге артты

Фото:world-nan.kz

2021 жылдың 7 айында Қазақстан 3,6 млн доллар сомасына жиһаз өнімдерін экспорттады. Бұл 2020 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2 есе көп. Бұл туралы ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің  Telegram каналы хабарлады.

Сала экспортының тауарлық құрылымында негізгі көлем пластмассадан жасалған жиһазға (жалпы көлемнің 35,9%), металл жиһазға (12%) және ағаш жиһазға (10,4%) тиесілі.

Негізгі өткізу нарықтары: 

Өзбекстан ($1193,0 мың), 
 Ресей ($862,2 мың), 
 Қырғызстан ($706,4 мың), 
Армения ($271,2 мың)
Тәжікстан ($173,2 мың).

Осы орайда биыл Өзбекстанға жиһаз өнімдерін экспорттау көлемі 9 есеге артқанын атап өткен жөн.
 

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Telegram және Facebook


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер