1 view

Биыл елімізде 12 мың жаңа жұмыс орны ашылады

Қазақстанда 128 жаңа жоба іске қосылды

Фото:newtimes.kz

Биыл жалпы құны 1,23 трлн теңге болатын 128 жобаны іске қосу жоспарланып отыр. Оларда 12 мың жаңа тұрақты жұмыс орны ашылады. Бұл туралы ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Telegram каналы хабарлады.

Жобалардың ең көбі Шымкентте – 17 жоба, Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарында - 14 жобадан.
Бұдан дейін де хабарлағандай, 2021 жылы Қазақстанда 128 жаңа жоба іске қосылып, 12 мың жұмыс орны ашылады.

Сол 128 жобаның 107-сі өңдеу өнеркәсібіне, 15-і энергетика саласына және 6-ы басқа салаларға жатады.

Өңдеу өнеркәсібінде жалпы сомасы 923,2 млрд. теңгеге 107 жобаны іске қосу жоспарланған.

Жобалардың ең көп саны келесі салаларда байқалады:

* тамақ өнеркәсібі (89,7 млрд теңгеге 39 жоба),
* металлургия (672,3 млрд теңгеге 16 жоба),
* машина жасау (79,6 млрд теңгеге 15 жоба)
* құрылыс индустриясы (55,1 млрд теңгеге 15 жоба).

Инвестициялардың негізгі үлесін,яғни 670 млрд теңгеден астамын металлургия саласындағы жобалар қамтамасыз етеді.

2021 жылғы қыркүйектегі жағдай бойынша жалпы сомасы 296 млрд теңге болатын 28 жоба пайдалануға беріліп, 3,5 мыңнан астам тұрақты жұмыс орны ашылды. 

Жобалардың дайындығы 9 өңірде 80%-дан жоғары деңгейде.
 

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Telegram және Facebook


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер