1 view

1 категориялы жолдардың ақылы учаскелері бойынша жүру тарифтері өзгеріссіз қалады

Төлем тарифтерін 2013 жылғы деңгейде қалдыру жоспарлануда

Фото:ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Telegram каналы

Бірінші категориялы жаңа ақылы учаскелерде жүру үшін төлем тарифтерін 2013 жылғы деңгейде қалдыру жоспарлануда. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің өкілдері мәлімдеді. Бұл туралы ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Telegram каналы хабарлады.

 «Ақылы жолмен жүру тарифтері 2013 жылы бірінші ақылы учаске енгізілген кездегі деңгейде қалғанын айтып өту қажет: жеңіл автокөліктер үшін - 1 шақырымына 1 теңге, ауыр жүк көліктері үшін - 1 шақырымына жүк көтерімділігіне байланысты 5 теңгеден 25 теңгеге дейін. Салыстырып қарасақ, көршілес Ресейде жеңіл автокөліктер 1 шақырым үшін 7 теңге және жүк көліктері 7-ден 55 теңгеге дейін төлейді. Ал Еуропа елдеріндегі тарифтерге келетін болсақ, төлем жүк көліктері үшін 5 есе, ал жеңіл автокөліктер үшін 20 есе жоғары», - деп атап өтті вице-министр Б.Камалиев. 

Бірінші категориялы жаңа ақылы учаскелерде жүру үшін төлем тарифтерін 2013 жылғы деңгейде қалдыру көзделіп отыр. 
Берік Камалиевтың сөзінше, ағымдағы жылдың соңына дейін ұзындығы 5,8 мың шақырым болатын жол учаскелеріне ақылылық жүйесін біртіндеп енгізу жоспарланған. 
 

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Telegram және Facebook


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер